Петропавлдағы «Қарасай» стадионы UEFA талаптары бойынша жөнделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «Қарасай» стадионы жөнделуде. Биыл бұл жұмыстарға 1 млрд. 300 млн. теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстарымен «КазЕвроСтрой» ЖШС айналысып жатыр. Жоба жетекшісі Әсет Меңдібаевтің сөзінше, стадионды жаңарту осы жылдың тамыз айында аяқталады.

— Жұмысқа 9 бірлік техника мен 20 адам жұмылдырылды. Біз ескі жабынды толығымен алып тастадық. Бұл кеңестік үлгі болды. Содан кейін жаңа жасанды жамылғы қажетті материалдармен нығыздалып, инженерлік желілерге траншеялар жасалады. Жақын арада біз іргетасын саламыз. Жаңа жамылғы жылытылады және суару жүйесімен қамтамасыз етілген, — дейді Әсет Меңдібаев.

Алаңнан бөлек мердігер компания стадионды абаттандырумен да айналысады. Нәтижесінде жарықтандыру жүйесі ауыстырылып, LED экран қойылады. Стадион UEFA-ның барлық стандарттарына сәйкес жаңартылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz