Волошинка ауылында жайылымдық жерлер аз, ұялы байланыс жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Есіл ауданындағы Волошинка ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы жұмыс сапары барысында Волошинка орта мектебіне барды. Ол білім ордасында мұғалімдермен тілдесіп, жергілікті шаруаға мектеп айналасын абаттандыруға көмектесуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен де танысты. Өткен жылы медициналық пункте жергілікті серіктестік есебінен күрделі жөндеу жүргізілді.

Облыс әкімі «Пушкинское» ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысының бастамасымен ашылған өрт сөндіру бекетіне де барды. Кейін аймақ басшысы Волошинка ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтардың негізгі мәселелерінің бірі – жайылым жерлердің тапшылығы. Тұрғындардың барлығы дерлік мал ұстайды. Бірақ, шабындық жер жоқ екен. Бұл сұрақты шешуді Айдарбек Сапаров аудан әкімі Медет Оспановқа тапсырды.

Ауылдағы тағы бір мәселе – сапасыз ұялы байланыс және интернеттің болмауы. Жергілікті тұрғындар мұнараның жанында бәрі дұрыс жұмыс істейтінін, бірақ, елді мекеннің шетінде байланыс жоқ екенін, интернет тіпті ұстамайтынын айтты. Өңір басшысы бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz