Жыл басынан бері облыста заңсыз аң аулаудың алты фактісі тіркелді.

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жыл басынан аң аулаудың – 373, балық аулау ережелерінің 95 бұзушылығын анықтады. Сонымен қатар заңсыз аңшылықтың 6 фактісі тіркеліп, балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтіледі. Мұнымен қатар, аңшылық ережелерінің сақталуы да тексеріледі. 2023 жылдың 22 сәуірінен 6 мамырына дейін жабайы үйректерді аулауға аңшылық маусым басталады.

– Аңшылар өздерімен бірге аңшы куәлігін және аңшылық шаруашылығының жолдамасын немесе жануарлар әлемін пайдалануға берілген рұқсат қағазын, атыс қаруын сақтауға және ұстауға рұқсат қағазын, сондай-ақ жыртқыш құстарды аулаған жағдайда – жыртқыш құстарды аулауға арналған анықтаманы алып жүруі қажет. Аталық үйректерді аулау аналық үйректердің тұлыбын қою арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті естен шығармауды, заңның талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz