М.Жұмабаев ауданында орман алқабы өртке оранды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М. Жұмабаев ауданында орман өрті тіркелді. Қызыл жалын бір сағаттың ішінде оқшауланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Булаево ауылынан 6 шақырым жердегі Суворов орман шаруашылығында 0,2 га аумақта құрғақ шөп өртенген. От орман алқабына өтіп, қызыл жалын 0,8 га ауданды шарпыды.

Өрт туралы хабар сағат 12.48-де келіп түсті. Қызыл жалын 14.57-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің шығу салдары анықталуда.

Оқиға орнына жеке құрамның сегіз адамы және №12 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz