«National Alumni Network» ұйымның бір бұтағы біздің өңірде белсенділік танытуда. Олардың мақсаты – қазақстандық түлектерге де әртүрлі бағыттарда қолдау көрсету. Тіпті, облыс жастарының шет елдерде жұмыс істеуге қолғабыс жасауға мүдделі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жақында АҚШ елшілігі «National Alumni Network» қоғамдық бірлестігіне қайтарымсыз қаржы бөлген. Бірлестіктің аймақтық көшбасшысы Александр Данчев оның бір бөлігін көшет отырғызу ісіне жұмысауды жөн көрген. Іскерлік байланысқа М.Қозыбаев атынағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдаған. Жобаны елшілік қолдап отыр. Өйткені АҚШ елінде көктемде көшет отырғызу дәстүрі ацтек тайпасының ежелгі мәдениетінен жалғасып келеді. Бүгінде ол елде 28 сәуір күні көшелер мен демалыс орындарында жаппай көшет отырғызу ісі жүргізіледі.
– «National Alumni Network» қоғамдық бірлетігінің бізбен іскерлік байланыс орнатып отырғандығы қуантады. Кейде өзгенің дәстүрінен үлгі алсақ, артық етпейді. Біздің ортаға пайдасы мол іс болса, одан ұтарымыз көп. Көшет отырғызу сондай үлгілі дәстүрлердің бірі деп ойлаймын, – дейді университеттің Инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі Дамель Мектапбаева.
Шараға университет әкімшілігі, белсенділер, табиғат жанашырлары, студенттер қатысып, көшет отырғызу ісі айналасында мерекелік көңіл-күй орнатты.
– Сібір алмасы, уссур алмұрты, сүйелді аққайың, қарағай, жапырақты емен тағысын тағылар, барлығы тоғыз түрлі ағаштан 50 тұп көшеп отырғыздық. Көшеттерді таңдауға осы университеттің ғалымдары көмектесті. Ертеңгі күні ол көшеттер жайқалған ағашқа айналса, қаншама адамның көзайымы болады, – дейді Александр Данчев.
Бүгінгі отырғызылған көшеттер 3-4 жылдан кейін саясына адам тартар үлен ағаш болары сөзсіз.