Мас күйде жасалатын қылмыстар азайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданының орталығында тәртіп сақшылары түнде алкогольдік өнімдерді сату фактісін анықтады. Мамлютка қаласындағы дүкендердің бірінде сағат 22:00 шамасында сатушы тұтынушыға бір бөтелке коньяк сатқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес, этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын сусындарды келесі күні сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынатынын ескертеді. Әлсіз алкогольді келесі күні сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін сатуға болмайтынын айтуда.

– Жыл басынан бері облыста алкогольді сату ережелерін 65 бұзушылық, рұқсат құжаттарынсыз алкогольді сатудың 106 фактісі анықталды. Сонымен қатар 3751 солтүстікқазақстандық қоғамдық орындарда ішімдік ішуге немесе мас күйінде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мақсатты профилактика 4 айдың қорытындысы бойынша мас күйінде жасалған қылмыстар санын 20,6%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Өткен жылдың осы кезеңінде 204-ке қарсы 162 факт тіркелді. Заңсыз айналымнан 2870 литр алкоголь өнімі алынды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz