370
Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен бокс кешінде жерлесіміз өнер көрсеткен болатын. Евгенийге Кевин Родригис Гарсия қарсылас атанып, кездесу 6 раундқа жоспарланды. Солтүстікқазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ мексикалықты сұлатып құлатты. Осылайша отандық былғары қолғап шебері 10-шы жеңісіне қол жеткізді.