Қырғызстан астанасы — Бішкек қаласында гір көтеруден Азия біріншілігі өтті. Бұл жарыстан Уәлиханов ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі бәсекеге 5 жерлесіміз қатысып, үшеуі Азияның чемпионы атанды. Ардагерлер санатында 85 килограмм салмақ дәрежесінде Халит Сүлейменов жеңіс тұғырына көтерілсе, 18 жасқа дейінгілер арасында 73 килограмда Алмас Қаткенов пен 68 килограмда Бекежан Мейрам алтын медальді еншіледі. Ал 63 килограмда Жалғас Әлмен қоланы місе тұтты.
18 жасқа дейінгі қыздар қатарында 58 килограмда өнер көрсеткен Махаббат Мұсайбекова күміс жүлдені иемденді.