Қарымта кездесуде де «Құлагер» клубы жеңіліс тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел чемпионаты аясында «Құлагер» клубы өзбекстандық «Humo» командасына  қарымта кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Бұл командалар арасында өткен алғашқы ойын «Humo» хоккейшілерінің пайдасына аяқталды. Қарымта кездесуде жерлестеріміз есені қайтаруға тырысып, матчта бірінші болып есеп ашты. Нәтижелі соққының авторы — Виталий Шульга. Кейін солтүстікқазақстандықтарда есепті еселеуге бірнеше мүмкіндік болды.

Ойынның екінші кезеңінде қонақтар таразы басын теңестірді.  Шайбаны «Humo» клубының ойыншысы Александр Коннов салды. Одан соң өзбекстандықтар қарқындарынан таймай кездесудің үшінші бөлімінде тағы екі нәтижелі соққыны «Құлагер» командасының қақпасына дарытты. Осы жолы Артем Мальцев пен Павел Синявский шайба авторлары атанды. Қорытынды есеп 1:3.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz