Облысымызда — жаңа прокурор

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының прокуроры тағайындалды. Бұл лауазымға Қайрат Әбдіханов лайық деп танылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде ротациялау тәртібінде Бас Прокурордың 2023 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Қайрат Әбдіханов 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл ауданының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымда болды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz