Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айдарбек Сейпілұлы жұмыс сапары жайлы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Өңір басшысы Жамбыл ауданындағы әлеуметтік маңыздағы нысандарды аралап, Буденное ауылының тұрғындарымен кездесті.
– Мемлекет басшысы көрші елдермен шектесіп жатқан аудандар мен елді мекендерді дамытудың, ауылдықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл ретте біз жұмысты күшейтіп, халықтың тұрмыстық жағдайын жасауға барынша көмектесеміз, – деді СҚО әкімі.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы Буденное ауылына кіреберіс жол жөндеуден өтті. Биыл ауылішілік жолдар қалыпқа келтірілмек деді Айдарбек Сапаров. Сондай-ақ, осы жылы санация әдісімен су тарату желілерін салу және автобус қатынасын орнатып, елді мекендегі демалысты ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Буденное мектебінде күрделі жөндеу жүргізілді, дәрігерлік амбулаторлық пункт та жұмыс істеп тұр.