Президент СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің қабылдауында болып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Өз сөзінде Ғауез Торсанұлы биылғы шаруалармен 3,7 миллион тонна астық жиналғанын айтып, 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатқанын баян етті. Айта кету керек, заманауи кешендердің алтауы жыл соңына дейін іске қосылады. Сондай-ақ, аграрлық секторда сомасы 80 миллиард теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 1000 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте жүзеге асып жатқан жобалар туралы ақпаратпен бөлісіп, әлеуметтік саланың дамуы, инфрақұрылымды жаңарту және жылыту маусымының өтуі туралы айттым, — деп жазды  әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

2fc1b378 0716 47f5 934d b933141db064 e1702456856972

Президент  СҚО әкіміне облысты одан әрі дамыту және халықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz