Петропавлда бокстан әйелдер арасында өткен VI республикалық жазғы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, төрт жылда бір рет өтетін айтулы дода қорытындысында олимпиадаға қажет ұпайлар сарапқа салынатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды.
Жарыста 19 өңірден келген 90-нан астам былғары қолғап шебері бақ сынады.
Олардың арасында Үндістанда өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері, ұлттық құраманың өзге де мүшелері болды.
Салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар:
48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қ),
50 кг: Назым Қызайбай (Алматы қ),
52 кг: Жазира Орақбаева (Алматы қ),
54 кг: Жайна Шекербекова (Шымкент қ),
57 кг: Карина Ибрагимова (Ақмола обл),
60 кг: Римма Волосенко (Астана қ),
63,5 кг: Аида Əбікеева (Астана қ),
66 кг: Наталья Богданова (Петропавл қ),
70 кг: Мәдина Нұршаева (Шымкент қ),
75 кг: Валентина Хальзова (Астана қ),
81 кг: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл),
+81 кг: Лəззат Күнгейбаева (Астана қ).
Жалпы есепте Астана қаласының командасы 4 алтын, 1 қола медальмен көш бастады.
8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті Шымкент боксшылары түйіндеді (2 алтын, 4 күміс).