СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне Әділет Мұстафинов бастық болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығын өңір басшысы Айдарбек Сапаров аппарат кеңесінде таныстырды.

Әділет Мұстафинов 52 жаста, Семей қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Омбы аграрлық университетін «зоотехник» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Павлодар облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының Павлодар өңірі бойынша ауданаралық бөлімінің инспекторы, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі, ҚР ІІМ ҚАЖК құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жедел басқару бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Павлодар облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz