Балалардың жазғы демалыстары зая кетпейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық білім басқармасы жазда 1-10 сынып оқушыларын түрлі ойын-сауықтық және еңбек баулу мақсатындағы шаралармен қамтуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде өңірдің 67 мың баласы демалыстарын зая өткізбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жазғы уақытта облыстағы 265 мектеп жанындағы және 339 бейіндік алаң, 179 шатырлы және киіз үй лагері жұмыс істемек. Олар 51 мыңнан астам баланы қамтитын болады.

— Балалардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын өткізуге 83 қосымша білім беру ұйымы және 25 аула клубы жұмыс істейді. Оқушылар сарайында «Жазғы академия» қызмет етеді. Оған 2 мың оқушы жазылады деп күтілуде. 6 мыңнан астам бала 11 қала сыртындағы лагерьде демалыстарын өткізеді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 мың балаға тегін жолдама беріледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 92,4 млн. теңге бөлінді, – дейді СҚО білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков.

Қазіргі уақытта лагерьлерде жазғы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Балалар маусымның 10-ы мен 17-сі күндері сауықтыру орталықтарына қабылдана бастайды. Әр маусым 10 күнге шақталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz