Мектеп оқушылары қанша күн демалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақ мектептерінде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 10 күнге созылады — 2023 жылдың 29 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бұл туралы Білім министрлігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы хабарламасында айтылған.

Мектеп оқушыларының қысқы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу кезінде басқарма іс-шаралар жоспарына «Бірыңғай білім беру бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.

Іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:

  • жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Ұлттық ойын – ел қазынасы» спорттық ойындарын өткізу;
  • «Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Мен оқыған ертегі», «Адалдық туралы» тақырыптарында оқушылармен әңгімелесу;
  • «Ата-ана мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында «Қыз намысы – ұлт намысы», «Бала тәрбиесіндегі әкенің орны», «Дарынды отбасылар» тақырыптарында ата-аналар жиналысын өткізу;
  • құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Қорытындылай келе, аталған іс-шаралар әдістемелік ұсыныстар ретінде білім беру ұйымдарына жіберілетіні айтылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz