Облыс әкімі «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Бүгінде онда өңір аудандарынан келген 12 бала көмек алып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы Айдарбек Сапаров «Арман» орталығының жұмысымен танысып, балалардың қал-жағдайын сұрады.
– Орталықта балалардың денсаулығын оңалту үшін барлық жағдай жасалған. Оларға медициналық массаж, физиотерапия жаттығулары, логопед пен психологтың қызметі ұсынылған. Балғындар шығармашылықпен де айналысады.
Жақында «Арман» балалар орталығына көтергіш механизмі бар арнайы автобус сатып аламыз. Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуді және олар үшін сапалы инклюзивті орта құруды жалғастырамыз, – деді СҚО әкімі.