Балғындарға мереке сыйлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6637 әскери бөлімінде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар әскери қызметшілердің балаларына қызықты ойындар ойнатты. Шара барысында бөлім командирі Ғалымжан Кибаев жиналғандарға өз құттықтауын жеткізіп, бүлдіршіндерге жүрекжарды лебізін білдірді.

Мерекелік бағдарлама барысында балаларға балмұздақ үлестірілді. Балақайлар асфальт үстінде сурет салудан шеберліктерін  көрсетті. Сонымен қатар бұл күні балалар назарына әскери қызметте қолданылатын қару-жарақ үлгілері мен техникаларды тамашалады. Мерекелік шарадан ерекше әсерге бөленген балғындарының бал-бұл жайнаған жүздерін көрген ата-аналар әскери қызметшілерге ризашылықтарын білдіріп, ел тыныштығын қорғауға бағытталған маңызды міндеттерін атқаруда сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz