Биыл облыста 9 тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 17 сүт фермасы салынып жатыр. Биыл оның  9-ның құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Қазіргі уақытқа дейін облыста 30 заманауи өнімділігі жоғары тауарлы-сүт фермасы ашылды. Биыл тағы 17-сі салына бастады. Оның 9-ы жылдың соңына дейін іске қосылады. Одан бөлек, 3,7 га алаңда орналасқан гидропоникамен және климаттық бақылаумен бірінші өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. Фермалардың ауқымды құрылысы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың арқасында мүмкін болды. Жоба бойынша пайыздық мөлшерлеме – небәрі 2,5%. Қаражат 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі, оның ішінде жеңілдік кезеңі – 2 жыл, — деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімінің айтуынша, агрокәсіптік кешен саласында 31 жоба іске асырылып жатыр. Жалпы, инвестиция көлемі – 77,5 млрд теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz