Биыл есірткі қылмысы үшін 25 жасқа дейінгі 13 адам сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жыл басынан есірткі өткізді деген күдікпен 49 адам ұсталды, оның 13-і – 25 жасқа дейінгі жастар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында Петропавлдың студенттік жатақханаларында рейдтік іс-шара өткізді.

— Жазғы демалыс басталысымен көптеген студенттер мен оқушылар қосымша жұмыс іздей бастайды. Бұл есірткі сатумен айналысатын қылмыскерлерге жақсы таныс. «Тауарды жеткізушіні» жұмысқа алу туралы хабарландыруларды көбінесе хабарландыру сайттарында және әлеуметтік желілерде байқауға болады. Кейбір жастардың «жеңіл ақшаға» деген ұмтылысы және қылмыстық жауапкершілікті білмеуі олардың болашағына балта шабуы мүмкін. Өйткені бүгінде есірткі заттарын таратушыларға қатаң жаза қарастырылған, — дейді полицейлер.

Жастар осындай қателіктерге ұрынбауы үшін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ювеналдық полицейлер, жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге студенттерге парақшалар таратты. Жастарға ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының санкциясымен көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Оған сәйкес 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

— Жыл басынан СҚО-да есірткі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 13 адам сотталды. Әдетте мұндай адамдарды сот 10-12 жылға бас бостандығынан айырады, бірақ біздің өңірде 14 жылға сотталғандар да бар. Жастардан есірткі қылмысымен айналысатындарға алданып қалмауын ескертеміз. Интернет кеңістігінде «тауар жеткізушілерді» жұмысқа алу туралы күмәнді хабарландыруларды көрсеңіз, дереу полицияға хабарлаған жөн. Біз оларды бұғаттап, тиісті шаралар қабылдаймыз, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан СҚО-да есірткі өткізді деген күдікпен 49 адам ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz