Шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланғандар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 15 жұмыс беруші шетелдік азаматтардың еңбегін заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусымның 19-ы мен 25-сі күндері аралығында облыс полицейлері «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы режімінде жұмыс істеді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік инспекторлармен және өзге бөлімшелермен бірлесіп, ауыл шаруашылықтарына, құрылыс және сауда объектілеріне ерекше назар аудара отырып, рейдтер жүргізді.

Есіл ауданында Өзбекстанның 6 азаматынан тұратын бригада құрылған. Олар медициналық мекемені жөндеу жұмыстарымен рұқсатсыз айналысқан. Ал Шал ақын ауданында мектепті жөндеу кезінде Тәжікстанның 10 тұрғыны да заңсыз жұмыс істеген. Екі жағдайда да ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша материалдар жиналды. Шетелдік жұмыс күшін пайдаланған мердігерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz