Жас бишілер топ жарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жергілікті “Арт-класс” балет би тобы республикалық  байқаудан жүлдемен оралды. Бұл жолы олар Бурабайда өткен “Summer dance” байқауына қатысқан еді. Шарада 5 пен 12 жас аралағындағы өнерпаздар сахнаға 20 мәрте шығыпты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазылардың жоғары бағасына ие болған ұжым 6 бас жүлдені, 9 бірінші орынды және 5 екінші орынды еншіледі.

– Бұл жолғы жеңісімізге қуаныштымыз. Дайындығымыздың жоғары болғаны қазыларға бірден байқалған сияқты. Жақсы тәжірибе жинап қайттық. Қыздардың қуанышында шек жоқ, – дейді “Арт-класс” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы шеберханасының жетекшісі Ксения Радионова.

“Арт-класс” балет би тобында 50 өнерпаз бар. Олардың арасында Ясмин Садықова 4 жасынан сахнада өнер көрсетіп жүр.  Қазір ол  ұжымның беткеұстар бишісіне айналған.

– Бұл біздің алғашқы сайыс емес. Мен 3 биге қатыстым. Соның ішінде өзіме қатты ұнағаны қытай биі болды. Ашық түстегі киіміміз өзімізге жарасып, сахнаның сәнін келтірді. Бурабайдағы байқау менің есімде ұзақ сақталады, – деді   жас биші.

Байқаудан олжалы келген өнерпаздарды жақындары күтіп алды. Келешекте мың бұралған бишілер талай шыңды бағындыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz