Имантауда «Ұлттық код – рухани болмыс» тақырыбында фестиваль өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Имантау көлінің жағалауында орналасқан «Қарлығаш» демалыс орнында балаларға арналған «Ұлттық код – рухани болмыс кілті» атты аудандық өлкетану фестивалі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Фестиваль — қазақ халқының мәдени құндылықтарын, салт- дәстүрін, әдеп-ғұрпын, қолөнерін, зергерлік, атбегі өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қарлығаш» демалыс орнында екі киіз үй тігіліп, қазан-ошақта балаларға ас дайындалды. Фестивальға 150 –ге жуық аудан мектептерінің оқушылары келді. Шараның ерекше әсер қалдырған сәттерінің бірі – балалардың ұлттық қолданбалы өнермен танысып, өз қолдарымен қыштан түрлі заттар жасап үйренуі, ұлттық тағамдардың жасалуын көріп, өз қолдарымен даярлауы болды.

Имантау ауылының тұрғыны Сұлтанбек Бибек балаларға ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың дәмін татқыза отырып, даярлау жолын түсіндіріп өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz