СҚО полицейлері алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген азаматтың мекенжайын анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген әйелдің мекенжайын анықтады, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Балалардың әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт кәмелетке толмаған баласы тәрбиеленіп жатқан СҚО тұрғыны бірнеше жылдан бері олардың күнкөрісі үшін аударым жасамаған. Солтүстік Қазақстан полицейлері оның Ақмола облысындағы тұрғылықты жерін анықтады, онда әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік инспектордың назарына түскен. Әйелдің айтуынша, ол алимент төлемегені үшін іздеуде екендігінен бейхабар болған.

Бұл жұмыс борышкерлерді, алимент төлемейтіндерді және туыстық байланыстарын жоғалтқан адамдарды іздестіру акциясы аясында жүргізілді. Ол 29-30 маусым аралығында өткізілді. СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қолда бар есептер бойынша іздестірілгендерді күшейтілген режимде тексерді, байланыстар шеңберін, болуы мүмкін орындарды тексерді. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу фактісі анықталған кезде борышкерлер мемлекетаралық іздестіруге жарияланды.

– Акцияның басында барлығы 66 іздестіру іс болды, оның 59-ы мемлекетаралық іздеуге жарияланды. 2 күн ішінде 15 адам, оның ішінде айыппұл төлемеген немесе сот шешімін орындамаған 12 борышкер, алимент төлемейтін екі адам, туыстық байланысын жоғалтқан бір адам анықталды, – деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz