СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қызметтен кетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қызметтен кетеді. Әзірге бұл орын бос тұр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

42 жастағы Дәурен Жандарбек Жамбыл облысының тумасы. 2017 жылдың шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл лауазымда алты жыл отырып, өз еркімен қызметтен кетті.

Дәурен Жандарбек өңірде индустриялық-инновациялық даму, оның ішінде инвесторларды тарту – кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, мәдениет саласы, тіл саясаты және архив ісі, дене шынықтыру және спорт, туризм және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жетекшілік етті. Өткен жылы облыс әкімінің екі орынбасары қысқартылып, оған денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары берілген еді.

Әзірге Дәурен Жандарбектің қандай жаңа қызметке тағайындалғаны белгісіз.

Бұған дейін СҚО-ның төрт ауданында прокурорлардың жаңадан тағайындалғанын айтқан едік. Бас прокурордың бұйрығымен Аққайың ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Асқар Кәкімов, Айыртау ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Эргаш Каримов тағайындалды. Тимирязев ауданының прокуроры қызметін енді аға әділет кеңесшісі Ерболат Ибраев, Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Жандос Амиров атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz