Жаңа жоба экспортқа шығуға мүкіндік береді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Бір ауыл – бір өнім» байқауы «Мен кәсіпкермін» кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында өтті. Арнайы құрылған өңірлік қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен облыста үш финалист анықталған болатын. Енді үздік бизнес субъектілерінің иелері маркетологтардың көмегімен тауарларын сертификаттаудан өткізіп, аймақтың бренді ретінде көрші облыстар мен шетелдерге экспорттауға мүмкіндік алмақ.

– Бұл жобаға қатысуға 15 солтүстікқазақстандық тауар өндіруші өтінім берді. Олар өз тауарларын шілденің 9-ы күні өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы мен «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне ұсынған еді. Кейін оның қорытындысы бойынша байқаудың екінші кезеңіне 10 кәсіпкер өтті. Өткен аптада бизнеоблыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Аталған комитет өңірлік палатаның жанынан арнайы құрылды, оның құрамына кәсіпкерлікті дамыту институттарының, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бизнес субъектілері мен сарапшылар кірді. Қазылар алқасының назарына әйелдер шығаратын киім, бал, ет, сүт өнімдері, табиғи косметика, зергерлік бұйымдар, аксессуарлар ұсынылды. Нәтижесінде үш жеңімпаз анықталды, Ярослава Пилипушко бал мен бал өнімдерін дайындаса, Лариса Первушина табиғи сабындар, косметика шығарады, Ольга Даншина ешкі сүтінен ірімшік пен йогурт жасайды. Жыл соңында өңірлік кезең жеңімпаздары «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесіне қатысады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz