Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өткізген мониторинг нәтижесі бойынша өңірдің 22 мектебінде спорт зал жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамандардың сөзінше, облыстың 5 орта және 17 негізгі мектебінде спорт зал мүлдем қарастырылмаған. Кейбірінде асхана да жоқ.
— Биылдан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылуы керек. Соған қарамастан, Петропавлдың 4 толық жинақталған мектебінде және аудандардың бірқатар бастауыш мектептерінде асхана жоқ, — дейді СҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаева.