4 жыл бұрын жоғалған адамның сүйегі табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 2019 жылдың тамыз айында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шілденің 3-і күні Қызылжар ауданына қарасты Налобино ауылының маңындағы орманда жидек жинап жүрген жергілікті тұрғындар адам қаңқасына тап болды. Бірден сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесіне сәйкес, орманда табылған адам сүйектері Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол 2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізді, бірақ еш нәтиже болмады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz