Талапқа бағынбаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы уақытта тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбау деректері жиілеуде. Жыл басынан бері облыста мұндай 421 факті тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының тұрғыны 37 жастағы күйеуінің жанжал шығаруына байланысты полиция шақырған. Ер адам учаскелік инспектордың медициналық куәландырудан өту туралы талаптарын орындаудан бас тартыпты. Тәртіп сақшылары оған күш қолдануға мәжбүр болды. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Құқық бұзушыны әйелі кешіргенімен, ол бұл қылығы үшін заң алдында жауап беретін болады.

– Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбағаны үшін сот оған үш тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады. Сондай-ақ сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілеп, бір жыл бойы спирттік ішімдік ішуге тыйым салды. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын жазды. Ер адам есепке алынып, профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тексеріліп тұратын болады, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабына сәйкес заң талаптарын бұзғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан 15 тәулікке дейін қамаққа алуға дейінгі жаза қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz