Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментiнiң өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметi мекемесінің мамандары өңіріміздегі өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрттен құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарысқа облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонының аудандық және қалалық бөлімшелерінен 18 команда (72 өртсөндіруші) қатысты.
Жарыс бағдарламасына 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жою және оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына шабуылдау сатысымен көтерілу сияқты сынақтар енгізілді.
Жамбыл ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімі командасының өкілі Руслан Шунаев шабуыл сатысымен көтерілу бойынша ең жылдам өртсөндіруші атанып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Есіл ауданындағы Явленка ауылының №10 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Жандос Нұрлан, үшінші орынды Петропавл қаласының 2-ӨСК өрт сөндіруші бөлімінің құтқарушысы Қазкен Жандос жеңіп алды.
Жарыстың 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту кезеңі тартысқа толы болды. Бұл сында Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Владислав Рублев ең жақсы нәтиже көрсетті.