Тартысқа толы кездесуде суперкубок «Алматы» командасына бұйырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің бірінші туры аясында суперкубок үшін ойын өтті. Жергілікті «Қуаныш» командасы «Алматы» клубымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл ел чемпионы «Алтай» клубы құрамындағы негізгі волейболшылары кетіп қалғандықтан, Қазақстан волейбол федерациясының шешімімен суперкубок «Қуаныш» пен «Алматы» командалары арасында ойнатылды.

Естеріңізге салсақ, Талдықорған қаласында ел кубогі ойындарының финалында Азамат Есімов баптайтын «Қуаныш» алматылықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Бұл жолы бәсеке аса тартысты өрбіді. Бірінші партияда 25:23 есебімен Рафаэль Гилязутдинов жаттықтыратын алматылықтар басым түссе, екіншісінде солтүстікқазақстандықтар 25:21 есебімен есесін қайтарды. Одан соң «Алматы» қайтадан алға шықты кетті. Ойынның төртінші бөлімінде «Қуаныш» таразы басын теңестірді. Дегенмен шешуші партияда алматылықтар жеңісті жұлып әкетті. Осылайша, «Алматы» клубы «Қуанышты» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, суперкубок иегері атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz