Бүгін Петропавл қаласында «Тосқауыл — Антитеррор 2023» оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Осыған байланыста қазіргі уақытта Егемен Қазақстан көшесі, 29 мекен жайындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің ауданында көлік қозғалысы шектелтетілді.
Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабының өкілдері тұрғындарға уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұрайды.