Полиция ғимараты алдындағы дрифт

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда полиция ғимаратының алдында дрифт жасаған жүргізуші ұсталып, оған қатысты 5 бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл қаласының Жұмабаев көшесінде орналасқан полиция басқармасының ғимараты алдында Lada Grantа жүргізушісі дрифт жасап жүрген видео әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушыларының сөзінше, 18 тамыз күні, сағат 03.30-да көлік 20 минут бойы ғимарат алдында шыр айналған.

Полицейлер жүргізушіні іздеп тапты.

— Іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тапты. Көп ұзамай жүргізуші де ұсталды. Ол облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам көлік тізгінінде өзі болғанын растады. Бұлай жасауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзеліс себеп болғанын айтты.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Бес баптың төртеуі бойынша әкімшілік айыппұлдар салу көзделген. Ал қарама-қарсы қозғалыс жолына шыққаны үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылады, — деді полициядан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz