СҚО-да жемшөп қоры жеткілікті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде малға жем-азық дайындау науқаны ойдағыдай жүріп жатыр. Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл өңірде жемшөп дақылдары 367,4 мың гектарға егілді, оның ішінде 121 мың гектардан астамы біржылдық шөптер, 16 мың гектардан астамы көпжылдық, өткен жылдан қалған 195 мың гектардан астам көпжылдық және 34 мың гектардан астам сүрлем дақылдары бар. Суармалы жерлердегі жемшөп дақылдарының ауданы биыл бір мың гектарға ұлғайтылды. Оның аумағы 2,4 мың гектарға дейін жетті.

Бүгіндері егістікте малға жем-азық жинауға барлық техника шықты.  Жемшөп жинайтын 101 комбайн, жүгері бастыруға 25 комбайн,  1 мыңнан астам шөп шабатын машина, тырмасы бар 953 трактор, 996 пресс-жинаушы, 658 стогометші жұмылдырылған.

— Облыста дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау басталды, соның есебінен ауыл шаруашылығы жануарларының жемшөпке деген қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады. Жемшөп дайындаудың өзіндік құнын төмендету үшін 1,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Азықтың құнын арзандату үшін 2,4 млрд. теңге субсидия да қарастырылды, — деп ауыл шаруашылығы басқармасында.

Мал шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың өздері жемшөп дақылдарын егеді, сүрлем мен пішен дайындайды, өздерінің құрама жем цехтары бар.

Басқарманың мәліметінше, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тұрғындарды пайлар есебінен және жеңілдікті бағамен өз қызметкерлеріне, зейнеткерлеріне және аз қамтылғандарға сатады. Шөптің орташа бағасы тоннасына 35 мың теңгеге дейін құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz