Облыстағы түзету мекемелердің бірінде жазасын өтеп жүрген сотталғанға есірткі жеткізбек болған азаматтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінің қызметкерлері сотталғанға жолданған сәлемдемені тексеру кезінде темекі сүзгісінен өсімдік тектес қара-қоңыр зат табылды. Дереу Петропавл қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Алынған зат сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша оның есірткі заты екендігі расталды. Қазіргі уақытта жөнелтуші азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.