Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы 31 тамызда «Аманат» партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын сараланған арттыру жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.

— 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды… Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар. 800 млрд теңгеден астам соманы құрайды, — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Ол биылғы жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті.

— Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады, — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, биылғы жылдың басында Үкімет цифрлық отбасы картасын енгізді.

— 500 мыңнан астам қазақстандық проактивті әлеуметтік қолдауға ие болды, — деді Әлихан Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz