Балықтың неден қырылғаны белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айында Питное көлі мен Есіл өзенінде тіркелген балықтардың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Экология департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысы Миролюбово ауылына жақын жердегі Питное көлінде балықтардың қырылуы өсімдік жамылғысының ыдырауы кезінде пайда болған күкіртті сутегінің жиналуынан болған.

Сергеев су қоймасы маңындағы Есіл өзеніндегі балықтар судағы еріген оттегінің азаюынан қырылды.

Бұл ауа мен судың жоғары температурасына байланысты болды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Жамбыл және Шал ақын ауданының әкімдігіне су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.

Питное көлінде су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді шабу және аэрация бойынша мелиорациялық жұмыстар қажет.

Балық шаруашылығы мелиорациясы мүмкін болмаған жағдайда мелиорациялық балық аулау қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz