Қазақстанда 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросы қымбаттай түскен әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

21 қыркүйекте Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1%-ға төмендеді, ал жылдық мәнде 6%-ға өскен.

Статистика ведомство мәліметінше, 19 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.

Бәрінен пияз (3,4%) бен картоп (2,1%) құны айтарылқтай арзандады. Сондай-ақ 0,5%-ға қарақұмық пен қырыққабаттың бағасы төмендеген.

Белгілі бір деңгейде күнбағыс майы, қант, макарон өнімдерінің бағасы да арзандады.

Керісінше, жұмыртқа (+0,9%), күріш  (+0,5%), тұз (+0,3%), тауық еті (+0,3%) бағалары қымбаттаған. Сондай-ақ сиыр еті, сары май, айран, ірімшік бағасы да көтерілді.

Өткен аптада ет, күріш, жұмыртқа бағасы қымбаттап жатқаны хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz