Жамбыл ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерін орындамай жүрген 3 борышкерге қатысты әкімшілік істер қозғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, әкімшілік істерді аудандық сот қарап, шығарылған шешімге сәйкес, борышкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылды. Оларға әкімшілік жазалау ретінде қамаққа алу шарасы қолданылды. Сонымен қатар өзінің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін енгізілген прокурорлық актінің негізінде жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудандық прокуратура өндірістегі істерді атқару заңдылығын қадағаламақ. Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмағандардың алимент алу құқықтарын қорғауға айырықша көңіл бөлінеді.