Солтүстікқазақстандық ер адам алты жыл бойы баласына алимент төлемеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны алты жыл бойы баласына алимент төлемеген. Солтүстік Қазақстан полицейлері оны Алматыдан тапты, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары борышкердің орналасқан жері туралы ақпаратты іздестіру бастамашысы-жеке сот орындаушысына берген.

— Өңірде борышкерлерді іздеу бойынша акция өткізілді. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің ерекше назарында алимент төлегісі келмейтін немқұрайды әкелер, әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемейтіндер және туыстық байланысын жоғалтқан адамдар болды. Төрт күн ішінде іздеуде жүрген 17 адам анықталды. Олардың ішінде алимент төлемейтіндердің көпшілігі — 9 адам, — деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 204 іздестіру ісі  тоқтатылды. Оның ішінде 22 — туыстық байланысын жоғалтқандар,  78-борышкерлер және 104 –і өз балаларын асырағысы келмеген адамдар бойынша.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz