Көлікті мас күйде тізгіндеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері үш күннің ішінде жылдамдықты асырудың 201 фактісін және көлікті мас күйде тізгіндеген 28 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс полицейлері «Жол-көлік оқиғасын тоқтату» акциясын өткізді. Мақсаты – апатқа тікелей әсер ететін көлік жүргізушілерін анықтау және жол жүру ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.

Облыстың географиялық орналасуына және оның аумағындағы транзиттік көліктің көптігіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар – жылдамдықты арттыру, оған 201 жүргізуші жол берген.

– Облыс жолдарында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша мақсатты жұмыстың нәтижесінде 28 мас жүргізуші ұсталды. Бұдан басқа, жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салу сигналынан өткен 304 жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz