Азия ойындарында велотректе өнер көрсеткен Қазақстандық велошабандоздар Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов 3-орын алып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жарыста қазақстандықтар 37 ұпай жинады. Бірінші орынды 54 ұпай жинаған жапониялықтар алды, дәл осындай нәтижемен Оңтүстік Корея велошабандоздары екінші орынға табан тіреді.
Ерлер арасындағы кейрин сайысында қазақстандық Андрей Чугай алтыншы орын алды.
Әйелдер арасындағы омниумда қазақстандық Ақпейіл Оссим 83 ұпаймен 8-орын иеленді.