Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға құрмет көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ел тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ризабек Айтмұханды құттықтап, сый-сияпатын табыстады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінде өткен салтанатты жиынға өңірдің спорт саласы қызметкерлері мен ардагер-спортшылары жиналды. Шарада бірінші болып сөз алған Ғауез Нұрмұхамбетов еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды құттықтады.

— Биылғы күрес түрлері бойынша өткен әлем біріншілігінде өңір намысын Нұрқожа Қайпанов қорғады. Сондай-ақ Уәлиханов ауданының тумасы Ризабек Айтмұхан да қатысып, ел тарихындағы алғашқы алтын жүлдені қанжығасына байлады. Бұл — керемет нәтиже. Жерлесіміз байрақты бәсекелерді әлі де талай жеңістерге жететініне сенімдімін. Ризабектің жолын өзге де жас балуандарымыз жалғап, барша солтүстікқазақстандықтарды қуантады деп ойлаймын, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Салтанатты шарада ардагерлер де ізгі лебіздерін жеткізді. Кейін облыс әкімі Ризабек Айтмұханға 3 млн. теңгелік ақшалай сертификатты табыстады. Өз кезегінде чемпион алдағы уақытта Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Азия біріншілігінде топ жару үшін барын салатынын айтты.

— Ендігі мақсатым — Париждегі Олимпиада ойындарына қатысып, көкбайрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқату. Дегенмен ол үшін ел және Азия біріншіліктерінде жақсы өнер көрсету қажет, — деді Ризабек Айтмұхан.

photo 5244898759639421698 y

Жиында әлем чемпионын тәрбиелеген ата-анасы да назарсыз қалмады. Оларға естелік сыйлықтар табысталды.

photo 5244898759639421702 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz