Балалар оқуларының облыстық кезеңі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектепте  республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған өңірдің аудандары мен қаладан 32 оқушы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Байқау барысында    8-сынып оқушылары «Кел, балалар оқылық!» тақырыбында Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының бірінші  кітабы мен Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы бойынша эссе жазудан сынға түсті.  9-сынып оқушыларына  «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбы ұсынылыпты. Олар бұл сында  Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льиюс Стивенсоның «Қазына аралы» романының мазмұнын қағазға түсірді. Ал  10-сынып шәкірттері «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы мен Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» шығармасы бойынша білімдерін ортаға салды.

Екі кезеңнен тұратын байқауда оқушыларға эссе жазуға 90 минут, қазақ және шетел әдебиеті бойынша тестілеуге 60 минут уақыт берілді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен 8-сынып оқушысы Даяна Сапарғалиева, 9-сыныптан Ақжар ауданындағы Май орта мектебінің тәрбиеленушісі Айнара Лұқман және Жамбыл ауданының орталығы Пресновкадағы Қожаберген жырау атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Жанель Күркенова жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық сында өңір намысын қорғамақ.

384226910 1532069314228957 3584616058662428693 n

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz