Петропавлдағы «Қарасай» стадионы жанында орналасқан жасыл алаңда доп теуіп жүрген бала қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2005 жылы туған жасөсіпірім жеткізілді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, бала футбол үйірмесіндегі жаттығулар барысында жарақат алды. Жас футболшының ішіне доп тиіп, ол жерге құлаған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақыртылды.
Жедел жәрдем бөлімінің мамандары баланың жүрегі тоқтап қалғанын және бас миының жарақаттануын анықтаған. Зардап шегуші көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде сағат 20:10-да қайтыс болды.