Петропавлдағы Достық үйінде «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқаудың облыстық кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Сауатты жарнама – тіл абыройы» байқауы жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы додаға қаламыздағы жарнама агенттіктері қатысты. Облыстық сайыстың қорытындысы бойынша «Крамаруха» жеке кәсіпкерлігі 1-шы орынды иеленсе, 2-орын – «ТРИАРТ» жарнама компаниясына бұйырды. Үшінші орынды «Неоновый завод» және «Альфа» фирмалары ұтып алды.