Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимараты бұрынғы мекенжай бойынша жұмысын қазанның 30-нан бастап жандандырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандандырылған ХҚКО күрделі жөндеуден кейін 30 қазаннан бастап бұрынғы мекенжайында көлік бағыты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін болады.
–Қазір облыс тұрғындары көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жүргізуші куәлігі бойынша емтиханның теориялық және практикалық бөлімдеріне өтініштерді бір жерге – Нефтепроводная көшесі, 7-үй мекенжайында тапсыруға болады. Бұдан бұрын ғимаратты күрделі жөндеуге байланысты көлік қызметтерін екі түрлі жерден алуға тура келді, –делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.