С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры 600-ден астам кітаппен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қорға түскен әдебиет түрлі жанрды қамтыды Оқырманның сұранысы да ескеріліп, қазақ-орыс тілінде ғана емес, шет тілінде жарық көрген туындылар жеткізілді.
Кітапханаға келген әдеби және тарихи еңбектерден бөлек, жастарға арналған комикстер де бар. Біз сөзбен айтқанда, кез келген оқырманның талғамына сай кітап табылады. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» атты жинақпен танысуға да мүмкіндіктері бар. ХХ ғасырдың 20-50 жылдарын қамтыған басылым 32 томнан тұрады.