Кітап оқуға құштар балалар марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен кітап  апталығында оқуға құштар өрендер марапатталды.  Апталықтың тақырыбы «Туған күніңмен, кітап» деп аталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынның шымылдығы «Алуа» халықтық би ансамблі мүшелерінің  биімен ашылды. Кейін балалар жазушысы Ольга Хухлова  тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін шағын әңгімелер жазу сырларымен бөлісті. Мерекеге кітапхананың ең белсенді, тұрақты оқырмандары арнайы шақырылып, оларға  Алғыс хаттар және сыйлықтар берілді.

– Мәдениет ордасына екі жасынан бастап келетін сәбилер бар. Олардың ата-аналарына ерекше алғыс айтқымыз келеді. Жасынан кітап оқуға дағдыланған бала өскенде өзінің өмірлік жолын адаспай табады емес пе?  Бүгінгі шараға Қызылжар ауданындағы Якорь мектебінің, қаладағы білім ордаларының оқушылары келді.  Кітапхана қорында 200 мыңнан астам кітап бар. Олардың дені балаларға арналған,  — деді кітапханашы Гүлжауһар Жақан.

Балалар ертегі кейіпкерлері Хоттабыч пен зұлым Дефтің әзілге толы қойылымдарын ықыласпен тамашалады.  Олар балаларға жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын түсіндірді. Балалар кітап кейіпкерлерімен бірге ұяшықтарда жасырылған жұмбақтарды шешті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz