Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында «Астық STEM» серіктестігінің жаңа сүт фермасы іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сүт фермасын іске қосуға 1,1 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Кәсіпорын жылына 3,2 мың тонна сүт өндіретін болады. Отыз адам жұмысқа орналасты.
– Жаңа фермалардың ашылуы сүт өндіру көлемін ұлғайтуға және сүт зауыттарының жүктемесін көбейтуге мүмкіндік береді», — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бүгіндері облыста 13 сүт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оның 6-ы жыл соңына дейін іске қосылады.